01 маусым 2015 12:30

Денис Тен үшінші мұзды шоуына кімдердің қатысатынын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Сочидегі Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен "Денис және оның достары" мұзды шоуына кімдердің қатысатынын жария етті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Сочидегі Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен "Денис және оның достары" мұзды шоуына кімдердің қатысатынын жария етті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Осы жылы шоудың атауы "Денис және оның достары: Сәлем, Алматы" болады.

Сонымен, шоуға келетін жұлдыздардың реті мынадай: Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері Максим Траньков және Татьяна Волосожар, Джоани Рошетт, әлем біріншіліктерінің жүлдегері Стефан Лабьель. Сонымен қатар, шоуға Эладж Балде, Мари Пьер Лерай, Александр Любченко және Жан Дени-Санши қатысады.

Шоуға олимпиада чемпиондары Цин Панг және Цзян Тонг, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Джереми Эббот, Майя және Алекс Шибутанилер, Елена Радионова және корей Су Ен Пак тұңғыш рет қатысқалы отыр. 

Айта кетейік, Денис Теннің мұзды шоуу Алматыда, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 20-21 маусым күндері өтеді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети