19 тамыз 2014 11:45

Денис Тен Ю На Кимнің компаниясымен жұмыс істейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тен және Ю На Ким. Сурет Денис Теннің  Instagram-дағы парақшасынан алынды Денис Тен және Ю На Ким. Сурет Денис Теннің Instagram-дағы парақшасынан алынды

Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен All That Sports компаниясымен келісімге келгенін жария етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен All That Sports компаниясымен келісімге келгенін жария етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен All That Sports Co. LTD компаниясымен ресми келісімге келгенімді қуана жариялаймын. Бірнеше жыл бойы мен спорт саласында қандай компаниямен жұмыс істейтінімді таңдай алмай келдім. Сондықтан да мен бүгін мәнерлеп сырғанау спортының нағыз майталманы Ю На Ким және оның анасы М.Х.Пак негізін қалаған AT Sports командасының бір мүшесі болғаныма қуаныштымын"-, деп жазба қалдырған Тен өзінің Facebook-тегі парақшасында, 

Айта кетейік, All That Sports мұзайдындағы шоуларды ұйымдастырумен айналысады. Бұл компания ұйымдастырған шоуға Денис Тен де қатысқан. Компанияның қатарында бүгінге мәнерлеп сырғанау спортында атағы алысқа кеткен Алексей Ягудин, Стефан Ламбьель, Татьяна Волосожар және Максим Траньков сынды спортшылар бар. Денис Тен All That Sports компаниясымен нақты қандай келісімге келгенін айтқан жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети