Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Денис Теннің Алматыдағы мұзды шоуы қашан өтеді

24 Мамыр 2015, 13:40
0

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің Алматыда "Денис және оның Достары" мұзды шоуы 20-21 маусым күндері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Шоу Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді, сағат 18.00-де басталады. Шоуға қатысушылар мен оның концепциясы кейін белгілі болады, қазіргі уақытта шоудың жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, өткен жылы "Денис және оның Достары: Олимпияда энергиясы" шоуына Алексей Ягудин, Мао Асада, Дайсуке Такахаси, Максим Траньков и Татьяна Волосожар, Максим Маринин және Татьяна Тотьмянина, Стефан Ламбьель, Бриан Жубер, Каролина Костнер сияқты танымал спортшылар қатысты. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, 2014 жылы Денис Теннің мұзды шоуы Қазақстан мен әлемде айтулға оқиға болды. Шоуға бірнеше мың адам қонақ болды, олардың ішінде Жапония, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея мәнерлеп сырғанау спортының көрермендері де бар. Айта кетейік, осы маусымда Денис Тен "Төрт құрлық чемпионатының" жеңімпазы атанды және Шанхайдағы әлем чемпионатының қола жүлдегері болды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай