20 ақпан 2017 11:49

Димаш Досанов ҚР Баскетбол ұлттық федерациясының президенті болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Досанов ҚР Баскетбол ұлттық федерациясының президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Димаш Досанов ҚР Баскетбол ұлттық федерациясының президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада ҚР БҰФ-тың есеп-сайлау конференциясы өтті. Конференция барысында Димаш Досанов федерация президенті болып сайланды. Бұған дейін осы қызметте Абай Алпамысов болған еді. 

Еске салайық, 2016 жылдың тамызында Димаш Досанов "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры болып тағайындалған еді

Димаш Досанов 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Джорджтаун университетінде (АҚШ) іскерлік әкімшілік бойынша магистр дәрежесін алған. Қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілдерін біледі.

Досанов еңбек жолын 2002 жылы Алматы қалалық Медеу ауданы әкімі аппараты аясындағы шағын және орта бизнес ассоциациясының менеджері қызметінен бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігінде, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да жұмыс істеген. 

Айта кетейік, Димаш Досанов Әлия Назарбаевамен үйленген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети