11 ақпан 2014 10:39

Дмитрий Рейхерд: Мен алтын жүлде үшін таластым

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Рейхерд. © РИА Новости.Александр Кряжев Дмитрий Рейхерд. © РИА Новости.Александр Кряжев

Могул спортынан Сочи Олимпиадасында бесінші орынды иемденген қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд сайыстың әділ өткені туралы ресейлік "Р-Спорт" агенттігіне сұхбат берді деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Олимпиада барысында да жақсы өнер көрсеттім деп санаймын. Сайыстың соңына дейін "алтын" жүлде үшін таласқан едім. Қорытындысында бесінші орынға жайғастым. Бұл нәтиже үшін менде ешкімге өкпе жоқ. Ал, төрешілердің жұмысы жөнінде менен сұрамай-ақ қойыңыздар. Олар өз істерінің нағыз мамандары. Сондықтан да Олимпиада ойындарында қазы болып жатыр. Жүлдеге ілінген үш спортшыны да медальға лайықты деп білемін", - дейді Рейхерд агенттікке берген сұхбатында. Сондай-ақ спортшы сұхбат барысында канадалық спортшылардың мықты екенін де атап өтті. Бірақ, келер қысқы ойындарда "үйеңкі жапырақ" елінің спортшыларына қарсы тұратын спортшылардың шығатынын да айтты. "Могул спортында канадалық спортшыларға тең келетіндер жоқ. Сочиде мұны олар дәлелдеп те жатыр. Дегенмен, менің ойымша, келер Олимпиадада бұл елдің спортшыларына лайықты қарсылық көрсететін спортшылардың шығатынына сенемін", - дейді спортшы. Айта кетейік, кеше Дмитрий Рейхерд могул спортынан бесінші орынға ие болған еді. Ал бұл сайыста алтын медальды канадалық Алекс Билода алып, Олимпиада ойындарының екі дүкін чемпионы атанды. Күміс жүлде тағы бір канадалық спортшы Микаэль Кингсбериға бұйырса, үздік үштікті ресейлік Александр Смышляев қорытындылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети