17 қараша 2014 18:42

Допинг үшін қылмыстық жазаға тартудың қажеті жоқ – WADA

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

WADA Допингке қарсы дүниежүзілік агенттік спортшыларды допинг үшін қылмыстық жазаға тартудың қажеті жоқ деп санайды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. 


WADA Допингке қарсы дүниежүзілік агенттік спортшыларды допинг үшін қылмыстық жазаға тартудың қажеті жоқ деп санайды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. 

Естеріңізге сала кетейік, Германия үкіметі атлеттердің мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында тыйым салынған препараттарды қолданғаны үшін спортшыларды және жаттықтырушыларды қамау керек немесе үлкен көлемде айыппұл салуды заңдастыру керек деген болатын.  Осыған қарсы WADA агенттігі пікір білдірді. "Спортшыларға қылмыстық жаза қолданылмай, олар ұзақ жылдар қалыптасқан спорт заңына сай жазалануы тиіс" - дейді WADA президенті Крейг Риди.

Допинг үшін қылмыстық жаза қолдану туралы мәселені ФРГ парламенті талқыламақ. Нәтижесінде бұл заң жобасы 2015 жылдың көктемінде қабылдануы мүмкін. Егер мұндай заң қабылданса, допингке қатысы бар адамдар, тіпті дәрігерлер де 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Айта кету керек, велошабандоз Максим Игли допинг қабылдағаны үшін қазақстандық "Астана" велокомандасы Халықаралық велосипедшілер одағы әлемдік турының жарысына, "Пекин турына" қатыса алған жоқ. Максим Игли 2014 жылдың 1 тамызында алынған допинг талдамасынан кейін қайталама анализден бас тартқан соң Астана Pro Team бір шешімге келу керек болды. Осыдан кейін команда Халықаралық велосипедшілер одағы ұйымы қойған талаптарды орындайтынын айтты. Бұған дейін "Астана" құрамында болған Максимнің ағасы Валентин де допинг қабылдаған болатын.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети