12 қазан 2014 21:11

Дзюдодан Астанадағы Гран-при турнирінен жеті жүлде алдық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото confederation.kz сайтынан Фото confederation.kz сайтынан

Бүгін Астанада дзюдодан бүкіләлемдік Гран-при турнирі аяқталды. Үш күнге созылған белдесулер қорытындысында Қазақстан дзюдошылары жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін Астанада дзюдодан бүкіләлемдік Гран-при турнирі аяқталды. Үш күнге созылған белдесулер қорытындысында Қазақстан дзюдошылары жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елорда татамиінде екі дзюдошымыз жеңімпаз атанып, алтынмен апталды. Олар – Елдос Сметов пен Максим Раков. Жақында ғана Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған Елдос елорда татамиінде де топ жарды.

60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Сметов Астана төрінде де қарсылас шақ келтірмеді. Ал Максим Раков 100 келі салмақ дәрежесінде төрт белдесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті.

90 келі салмақта бақ сынаған Әсет Ахметжанов финалда тәжік балуаны К.Устопирияннан ұтылып, күміс жүлдегер атанды.

66 келі салмақ дәрежесінде Жансай Смағұлов финалда жапон жігіті Ю.Хашигучиге есе жіберіп алып, екінші орынға ие болды.

60 келіде сынға түскен Асхат Тельманов пен 81 келіде бақ сынаған Азиз Қалқаманұлы қола жүлдеге ие болған болатын.

Әйелдер арасындағы 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін екі қызымыз белдесті. Атап айтқанда, Зарина Әбдірасулова мен Гүлжан Исанова арасындағы тартысты белдесуде алғашқысы жеңіске жетіп, қола жүлдеге ие болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети