Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Дзюдодан Шымкентте Қазақстан чемпиондары анықталды

20 Қараша 2014, 20:09
0
Фото confederation.kz сайтынан алынды
Фото confederation.kz сайтынан алынды

Жақында дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Шымкентте өткен ел біріншілігіне барлық аймақтарымыздан 500-ге тарта дзюдошы қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР дзюдо федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ел біріншілігіне ұлттық құраманың бірінші нөмірлі балуандарының кейбіреулері қатысқан жоқ. Бапкерлер құрамы қайсыбір балуандарға демалыс бергендей. Бірақ бәсекелестік қызу, салмақ дәрежелерінде балуандардың барлығы дерлік қатысты.

Мысалы, әйелдер арасындағы ең ауыр салмақта шығысқазақстандық Гүлжан Исанова мен оңтүстікқазақстандық Зарина Абдрасулова финалда тағы белдесті. Шектен тыс тартысты өткен бедесуде Гүлжанның бағы жанды. Бірақ екі қызымыздың деңгейлері шамалас екендігі тағы да байқалды.

Ал ерлер арасындағы 81 келіде Дастан Ықыбаев (ШҚО) тек қола жүлдемен шектелді. Ерлер арасындағы ең ауыр салмақта қазақ күресінен 2013 жылы "Қазақстан Барысы" атанған Айбек Нұғымаров (ШҚО) үшінші орынды қанағат тұтты. Ендеше, бәсекелестік – әлі алда.

Ал жалпы командалық есепте Оңтүстік Қазақстан облысының дзюдошылары бірінші орынға ие болды. Екінші орын Жамбыл облысының, ал үшінші орын Алматы қаласының дзюдошыларына бұйырды.

Енді биылғы ел чемпионадырының есімдерімен таныс болыңыздар:

Ерлер
60 келі: Рустам Ыбыраев (Ақтөбе облысы)
66 келі: Мейіржан Қалтаев (ОҚО)
73 келі: Ертуған Төренов (Жамбыл облысы)
81 келі: Даулетхан Жақыпов (Жамбыл облысы)
90 келі: Айбол Айтбек (Жамбыл облысы)
100 келі: Виктор Демьяненко (Алматы)
+100 келі: Руслан Әбдіразақов (Қызылорда облысы)

Әйелдер
48 келі: Александра Подрядова (ОҚО)
52 келі: Гаухар Тұрмаханова (ОҚО)
57 келі: Назгүл Құбашева (Атырау облысы)
63 келі: Зәмзәгүл Файзолланова (Алматы)
70 келі: Ділбар Өміралиева (Қарағанды облысы)
78 келі: Альбина Амангелдиева (ОҚО)
+78 келі: Гүлжан Исанова (ШҚО)


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай