Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Элизабет Тұрсынбаева "Scate America" турнирінде төртінші орын алды

25 Қазан 2015, 17:04
0
© vesti.kz
© vesti.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева ересектер арасындағы ірі турнирге екінші рет қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Отандасымыз "Scate America" халықаралық турнирінде төртінші орыннан көрінді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарлама бойынша алтыншы орын алған болатын. Еркін бағдарламада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 119,3 ұпай жинап, төртінші  орыннан көрінді. Нәтижесінде қос бағдарлама қорытындысы бойынша 178,56 ұпай жинап төртінші орынды қанағат тұтты. Ал 2014 жылғы Сочи Олимпиадасында чемпион атанған Юлия Липницкая алтыншы орыннан көрінді.

15 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ересектер арасындағы ірі турнирге небәрі екінші рет қатысып отыр. Отандасымыз үшін төртінші орын жоғары нәтиже. Қазіргі таңда отандасымызды әйгілі канадалық бапкер Брайан Орсер жаттықтырады.

Қыздар арасында "Scate America" халықаралық турнирінде ресейлік Евгения Медведева жеңімпаз атанды. Ол қос бағдарлама қорытындысы бойынша 206,01 ұпай жинады. Күміс медаль америкалық Грейси Голдқа (257,43 ұпай) бұйырса, үшінші орынды жапон қызы Сатоко Мияхара (188,07 ұпай) жеңіп алды.

Айта кетейік, "Scate America" халықаралық турнирінің ерлер сынында отандасымыз Денис Тен тоғызыншы орын алды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай