Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 322.01
EUR / KZT - 362.42
CNY / KZT - 47.26
RUB / KZT - 5.46

Елсияр Қанағатов: "Галышеваның спортта қалуына барлық жағдайды жасаймыз"

13 Ақпан 2014, 10:59
0
Сурет: vesti.kz
Сурет: vesti.kz
Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышеваның спортта қалып, әрі қарай жаттығуына барлық жағдай жасалынады. Бұл туралы ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігінің төраға орынбасары Елсияр Қанағатов BNews.kz сайтына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Фристайл спортының могул түрінен жүлде аламыз деп жоспарладық. Галышеваны төрешілер әділетсіз бағалады. Мен шағым жазып, жағдайды соңына дейін анықтадым. Бірақ, маған төрешілердің ұпайына шағым жазылмайтындығын айтты. Олар қалай шешсе, солай болады екен. Басқа жолы жоқ", - деді Елсияр Қанағатов

Сондай-ақ, агенттіктің төраға орынбасары Галышеваның спорттан кетемін деп айтқаны асығыс шешім екенін де айта өтті.

"Юлия "спорттан кетемін" деп эмоцияға беріліп асығыс айтып қойған сияқты. Бұл мәселе тұрғысында біз облыстық басшылықпен келіссөздер жүргізіп қойдық. Галышеваның алдағы уақытта жаттығу жасау үшін облыстық және республикалық деңгейде барлық жағдайды жасайтын боламыз", - дейді Қанағатов мырза.

Айта кетейік, Сочиде өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары барысында Юлия Галышева жетінші орын алды. Жарыс қорытындысынан кейін ол спортпен қоштасатындығын айтқан еді.








Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай