29 желтоқсан 2016 13:22

Ең мықты спортшы - Геннадий Головкин. Мен оған жыл сайын осы атақты берер едім - Баландин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Баландин. © РИА Новости Дмитрий Баландин. © РИА Новости

Жүзуден Олимпиада чемпионы, жаңажылдық "Навстречу мечте" комедиясына түскен Дмитрий Баландин жылды қорытындылады. Vesti.kz сайтына берген сұхбатында, ол өзінің келесі жылға жоспарларын бөлісіп, Қазақстандағы ең мықты спортшының есімін жариялады. 


Жүзуден Олимпиада чемпионы, жаңажылдық "Навстречу мечте" комедиясына түскен Дмитрий Баландин жылды қорытындылады. Vesti.kz сайтына берген сұхбатында, ол өзінің келесі жылға жоспарларын бөлісіп, Қазақстандағы ең мықты спортшының есімін жариялады. 

"Менің ойымша, соңғы рет түскен түсірілімнен кейін, маған басты рөлді бере қоймас. Ал, егер ұсыныс түсіп жатса, мен қуана келісемін. Фильмде ең қиын кез Дильназ Ахмадиева қатысқанда болды. (күледі). Өздеріңіз көріп, бағасын берерсіздер, менің ойымша, жақсы шықты", - деді Баландин. 

Тілшінің "Сізді жиі танып, көп мазалайтын шығар? Жұлдыз ауруымен қалай күресесіз? деген сұрақтарына Баландин былай деп жауап берді: "Осы қазір ғана лифтте көтеріліп келе жатқанымызда бірнеше адам менімен амандасты. Күніне 3-4 адам келіп автограф алып жатады. Көбінесе балалар, ал балалармен тілдескен қызығырақ. Маған туыстарым, достарым, жақындарым жерге түсуіме көмек береді. Ең бастысы қасыңдағы адамдардың жақсы болуы, солардың ықпалынан қарапайым бола түсемін". 

Соңғы кездері Баландин мен Нижат Рахимовтың әскер қатарында борышын өтеп жүр деген мәліметтер тараған. Олар "Динамода" әскери борышын өтейтін болады, олар міндеттелген кейбір шараларға қатысып, бірақ барлығы сияқты бір казармада өмір сүріп емес, еркін тәртіпте болады екен.  

"Олимпиада ойындарына өте көп күш жұмсалады, осыдан кейін біраз уақыт демалу қажет. Алайда қаңтар айынан бастап белсенді түрде жаттығуларды бастаймын. Ақпан айында Ыстықкөлге барып дайындаламыз. Тамыз айында өтетін әлем чемпионатына дайындаламын. Биылғы өткен жылға дән ризамын", - деді Олимпиада чемпионы. 

Баландиннің айтуынша, Қазақстандағы ең мықты спортшы атағы Геннадий Головкинге берілуі тиіс. "Мен оған осы атақты жыл сайын берер едім. Ол әлемдік ареналарды бағындырып жүр. Мен оның жекпе-жектерін үзбей көремін, ең бастысы ол шаршы алаңда өзін еркін әрі лайықты ұстайды. Ол жыл спортшысы атануға әбден лайықты", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети