Алматыда ережесіз жекпе-жектен "Дала Батырлары" халықаралық турнирі өтті. Бұл турнирде қазақстандық Alash Pride клубының спортшылары Ресей, Украина, Бразилия, Франция және тағы да басқа елдерден келген қонақтармен жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматыда ережесіз жекпе-жектен "Дала Батырлары" халықаралық турнирі өтті. Бұл турнирде қазақстандық Alash Pride клубының спортшылары Ресей, Украина, Бразилия, Франция және тағы да басқа елдерден келген қонақтармен жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирдің басты жекпе-жегінде "Қазақ" атымен өнер көрсететін Қайрат Ахметов үш раундтың қорытындысы бойынша француз Салах Элкасты жеңді. Осылайша Ахметов Alash Pride версиясында әлем чемпионы болды.
Ал көрермендер асыға күткен Ержан Естанов пен "Қара жолбарыс" аталып кеткен ресейлік Расул Мирзаевтің жекпе-жегінде қазақстандық жеңіліп қалды. Есе қайтару кездесуінде Естанов екі раунд біткен соң кездесуді жалғастырудан бас тартты. Айта кетейік, Мирзаев екінші раунда қарсыласын нокаутқа түсіруге аз қалды, бірақ Естанов оның ауыр соққыларын қайтарып отырды.
Басқа жекпе-жектерде Alash Pride спортшылары тағы жеті рет жеңіске жетті: Әділ Боранбаев аса тәжірибелі ресейлік спортшы Венер Галиевті нокаутпен жеңді, Қуат "Найман" Хамитов техникалық нокаутпен бразилиялық Тиаго Луиз До Насчиментоны тізе бүктірді, Ермек Тлауов бразилиялық Пауло Радриго Дэсоузодан қылқындыру арқылы басым түсті, Махир "Темір аяқ" Мамедов Латвиядан келген Валериус Миколаускасты бірінші раундтың 27 секундында ұрып құлатты, Қылышбек Сарқарбаев украиналық Алексей Харченкодан айласын асырды, Ерлан Тілеуімбетов француз Амин Мимуаниді нокаутқа түсірді, Темірлан "Бүркіт" Айсадилов украин спортшысы Роман Пантелейді техникалық нокаутпен жеңді.
Қазақстандық үш спортшы жеңіліп қалды: Нұрсұлтан Қасымханов Ресейден келген Виктор Кичиганға есе жіберді, Нариман Мұсаев төрешілердің шешімімен ресейлік Джихад Юнусовтан және Артем Резников қосымша раундта Ресейден келген Григорий Кичигиннен жеңілді.