24 сәуір 2014 | 21:22

Еркін күрестен Азияның төрт жүлдесін еншіледік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет confederation.kz сайтынан Сурет confederation.kz сайтынан

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні біздің балуандар екі медаль олжалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні біздің балуандар екі медаль олжалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін де еркін күрес шеберлері төрт, ал әйелдер күресіндегі балуан қыз-келіншектер бір салмақ дәрежесінде Азия чемпионы мен жүлдегерлерін анықтады. Әйелдер арасындағы еркін күрестен 48 келі салмақ дәрежесіндегі тәжірибелі балуанымыз Татьяна Аманжолдың құрлық чемпионы атанғанын жаздық.

Бүгінгі екінші жүлдені еркін күрестен 61 келі дәрежесінде бақ сынаған, 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәулет Ниязбеков еншіледі. Биылғы Азия чемпионатында да Дәулетке бұйырғаны қола болды. Ол былтыр да Үндістанда өткен құрлық біріншілігінде үшінші орын алған еді. 

Дәулет Астана кілеміндегі алғашқы белдесуінде өзбек Дильшод Мансуровты ұтқанымен, жартылай финалда Иран балуаны Масуд Эсмаэль Пуруге есе жіберіп алды. Ал қола жүлде үшін өткен белдесуде қырғыз Базар Бузаргуруевтан басым түсті.

Өкінішке қарай, 97 келідегі Әлихан Джумаев қолда тұрған қоладан айырылып қалды. Ол үшінші орын үшін өткен шешуші белдесуде Сативарт Кадианмен белдескен болатын. Басында жеңіп жатып, белдесу соңына қарай сәл босаңдық танытып, жүлдеден айырылып қалғаны. Үнді балуаны бар күшін салып есепті теңестірді де (6:6), ереже бойынша ұпайды соңғы болып еншілегендігінің арқасында, қола жүлдені жұлып әкетті. 

Ол басында жапон Шиниши Накайды жеңіп, ширек финалда Иранның білекті балуаны Телеби Хамедадан басым түскен болатын. Ал жартылай финалда Қырғызстан балуаны Магомед Мусаевтан ұтылып қалып, үшінші орын үшін күрескен-ді.

70 келі салмақтағы Азамат Өміржанов бірінші айналымда моңғол Буянжав Батзоригті үйіне қайтарғанымен, ширек финалда өзбек Ихтиор Наврузовтан ұтылып қалып, өзі де боз кілемнен тыс қалды.

Ең өкініштісі, әрине, 74 келі салмақ дәрежесіндегі Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың алғашқы белдесуінде жапон жігіті Риоки Яманкеден ұтылып, сенім үдесінен шыға алмағаны болды.

Десек те, Руслан Өмірәлиев жаттықтыратын еркін күрестегі балуандарымыз өз жеріміздегі құрлық біріншілігінен төрт медаль еншілеп, жалпы командалық есепте Иран және Моңғолия балуандарынан кейін, үшінші орынға ие болды.

Еркін күрес. 2014 жылғы Азия чемпионаты.

 

Алтын – Расул Қалиев,
Күміс – Аслан Кахидзе,
Қола – Дәулет Шабанбай және Дәулет Ниязбеков

Әйелдер күресі
Алтын – Татьяна Аманжол

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети