14 наурыз 2014 10:53

Ертең футболдан Қазақстан чемпионаты басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет "Астана" ФК баспасөз қызметінен алынды Сурет "Астана" ФК баспасөз қызметінен алынды

Ертең футболдан ХХІІІ Қазақстан чемпионаты басталады. Еліміздің алты қаласында жаңа маусымның ысқырығы безілдеп, бірінші турдың ойындары өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Биыл премьер-лигада былтырғыдай 12 команда додаға түседі. Ел чемпионатының өткізілу тәртібі де – сол бұрынғысынша. Таратып айтқанда, биыл да төл біріншілігіміз екі кезеңге бөлініп өткізіледі. Оның бірінші бөлігінде 12 команда екі айналымдық жүйемен (үйде және түзде) 22 ойыннан өткізеді. Бірінші айналым 10 мамыр күні аяқталып, екінші айналым 18 мамырда басталады. Екінші айналым, яғни ел чемпионатының бірінші бөлігі 3 тамыз күні тамамдалады. Бұдан кейін осы екі айналымдағы ойындардың қорытындыы бойынша 12 команда екі топқа жіктеледі. 1-6 орын алған командалар жүлделі орындарды сарапқа салады да, 7-12 орындарда "сап" түзеген командалар премьер-лигада қалу үшін додаға түседі. Ел біріншілігінің екінші кезеңі де екі айналымдық жүйемен өтеді. Мұнда әрбір алтылықтағы командалар үйде және түзде жүйесімен 10 ойыннан өткізеді. Ел чемпионатының екінші жартысын барлық командалар бірінші кезеңдегі жинаған ұпайларының тең жартысымен ғана бастайды. Мысалы, бір команда ел чемпионатының бірінші жартысында 50 ұпай жинаса, сол команда екінші кезеңді 25 ұпаймен бастайды. Ал егер қайсыбір команда 49 ұпай жинаса, ол да екінші кезеңді 25 ұпаймен бастайды. Себебі тақ санды ұпайларды екіге бөлгенде, олар артық жағына қарай дөңгелетіледі. Ел чемпионатының екі кезеңінде де жеңіске жеткен командаға үш ұпай беріледі де, ал тең аяқталған ойында екі команда бір ұпайдан бөліседі. I тур. 15 наурыз (сенбі) 1. Тараз (Тараз) – Ақтөбе (Ақтөбе) 2. Ертіс (Павлодар) – Шахтер (Қарағанды) 3. Тобыл (Қостанай) – Спартак (Семей) 4. Қайрат (Алматы) – Атырау (Атырау) 5. Астана (Астана) – Жетісу (Талдықорған) 6. Қайсар (Қызылорда) – Ордабасы (Шымкент)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети