Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Есімов Денис Тенге Chevrolet Cruze автокөлігінің кілтін табыстады

24 Ақпан 2014, 18:49
0
Денис Тен и аким Алматы Ахметжан Есимов. ©almaty.kz
Денис Тен и аким Алматы Ахметжан Есимов. ©almaty.kz
Сурет: wikipedia.org
Сурет: wikipedia.org
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Денис Тенді құттықтап, Chevrolet Cruze автокөлігінің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Барлығымыз сен үшін жанкүйер болдық. Алматы қаласының спортшысы Олимпиада ойындарының жүлдегері атанғанын мақтан тұтамыз. Сен жассың, жеңістерің әлі алда. Егер Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығына ие болатын болса, сен Қазақстан намысын сол ақ ойындарда абыроймен қорғайтыныңа сенімдімін. Біз өз тарапымыздан сені әрі қарай қолдаймыз", - дейді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде Денис Тен Олимпиада ойындары барысындағы әсерлерімен бөлісіп, Ахметжан Есімовке қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді: "Сочи Олимпиадасы барысында Алматының 2022 жылғы Олимпиада ойындарына арналған презентациясы өтті. Менің барлық таныс спортшы достарым бұл хабарды қуана қабылдап, Алматыға келгісі келетіндері туралы айтты", - деді Денис Тен.

Сондай-ақ Алматының баспасөз қызметі Тен қаланың байырғы тұрғыны екенін айтып өтті. Ол өзінің спорттық ғұмырын дәл осы қалада бастаған. Айта кетейік, Теннің Олимпиада ойындарының қола жүлдесінен басқа, "Азия ойындарының" алтын және канаданың Лондон қаласында өткен Әлем біріншілігінде алған күміс жүлдесі бар.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай