24 ақпан 2014 18:49

Есімов Денис Тенге Chevrolet Cruze автокөлігінің кілтін табыстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тен и аким Алматы Ахметжан Есимов. ©almaty.kz Денис Тен и аким Алматы Ахметжан Есимов. ©almaty.kz

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Денис Тенді құттықтап, Chevrolet Cruze автокөлігінің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап. "Барлығымыз сен үшін жанкүйер болдық. Алматы қаласының спортшысы Олимпиада ойындарының жүлдегері атанғанын мақтан тұтамыз. Сен жассың, жеңістерің әлі алда. Егер Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығына ие болатын болса, сен Қазақстан намысын сол ақ ойындарда абыроймен қорғайтыныңа сенімдімін. Біз өз тарапымыздан сені әрі қарай қолдаймыз", - дейді Ахметжан Есімов. Өз кезегінде Денис Тен Олимпиада ойындары барысындағы әсерлерімен бөлісіп, Ахметжан Есімовке қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді: "Сочи Олимпиадасы барысында Алматының 2022 жылғы Олимпиада ойындарына арналған презентациясы өтті. Менің барлық таныс спортшы достарым бұл хабарды қуана қабылдап, Алматыға келгісі келетіндері туралы айтты", - деді Денис Тен. Сондай-ақ Алматының баспасөз қызметі Тен қаланың байырғы тұрғыны екенін айтып өтті. Ол өзінің спорттық ғұмырын дәл осы қалада бастаған. Айта кетейік, Теннің Олимпиада ойындарының қола жүлдесінен басқа, "Азия ойындарының" алтын және канаданың Лондон қаласында өткен Әлем біріншілігінде алған күміс жүлдесі бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети