Еуропа лигасындағы бірінші ұпай: "Астана" "Янг Бойзбен" тең ойнады

30 Қыркүйек 2016, 10:15
0
Еуропа лигасындағы бірінші ұпай: "Астана" "Янг Бойзбен" тең ойнады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

"Астана" футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ұпайына қол жеткізді. Қазақстандық клуб Астанада Швейцарияның "Янг Бойз" клубымен тең ойнады. Ойында есеп ашылмады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Ойынды қос клуб тең қарқында бастады. Уақыт өте швейцариялық клубтың ойыншылары алға ұмтылып, жылдам гол соғуға талпынды. Алғаш болып бұрыштама добын орындап, доп ұстауда да басымдыққа ие бола бастады.

Бірінші болып қауіпті соққылардың бірін "Янг Бойз" ойыншысы бағыттады. Равенің тепкен добын Ненад Эрич сәтті қайтара білді. 38 минутта қарсыластар қақпасының алдында Джордже Деспотович ширақ қимылдап, допты қонақтар қақпасына қайшылай тепті. Доп қақпа бағанынан кері серпілді. Араға 2 минут сала Дмитрий Шомконың әуелете асырған добы айтарлықтай қауіпті шықты. Нәтижесінде қос команда бірінші таймда гол соға алған жоқ.


Екінші таймда Станимир Стойлов жаттықтыратын қазақстандық клуб ширақ бастады. Шабуылға иек артып, есеп ашуға ұмтылды. 64 минутта Неманья Максимовичтің тепкен добы қорғаушылардан кері қайтты. Одан кейінгі соққысы қақпадан биік кетті.

"Астана" ойыншылары екінші таймда қарсыластарға қысымын арттырғанмен, гол соға алмады. Есесіне соңғы минуттарда "Янг Бойз" ойыншыларының 3 ұпайды иеленіп кетуге мүмкіндіктері болды.

Ойыннан тыс қалу нәтижесі бойынша Джуниор Кабананга алдына жан салмады. Ол ойын барысында 6-7 рет оффсайдта қалды.


© Тұрар Қазанғапов

"Астана" топтық кезеңдегі алғашқы ұпайына қол жеткізіп отыр. Бірінші ойында Кипрдің "АПОЭЛ" клубына 2:1 есебімен есе жіберіп алған болатын. Команда келесі ойынын 20 қазан күні түзде Грекияның "Олимпиакос" клубына қарсы ойнайтын болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай