14 ақпан 2017 13:06

Федор Емельяненко спорттан кетуге ниет білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Аралас жекпе-жек жұлдызы Федор Емельяненко Bellator ұйымымен келісімшарты аяқтағаннан кейін спортан кетпек, - деп хабарлайды MmaMania.


Аралас жекпе-жек жұлдызы Федор Емельяненко Bellator ұйымымен келісімшарты аяқтағаннан кейін спортан кетпек, - деп хабарлайды MmaMania.

"Bellator-дағы мансап жолын аяқтағым келеді. Келісімшартқа сәйкес міндетімді атқарамын. Мен үшін адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу маңызды, мен Скотт Кокермен (ұйым басшысы) арадағы қатынасымызды жоғары бағалаймын", - дейді спортшы. 

Өзінің жекпе-жек әлеміне қайта оралатыны туралы спортшы 2015 жылдың 14 шілдесінде мәлімдеген болатын. Ал былтыр қарашада 40 жастағы ресейлік жекпе-жек шебері Bellator ұйымымен бірнеше кездесу өткізу туралы келісімшартқа қол қойған. Емельяненконың келесі жекпе-жегі 16 ақпанда америкалық Мэтт Митрионмен болады.

"Соңғы император" атанған атақты спортшы жалпы 40 жекпе-жек өткізген. 35 кездесуде жеңіске жетіп, төрт рет ұтылды және бір жекпе-жек дәрігерлер шешімімен тоқтатылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети