13 ақпан 2014 17:09

ФИФА рейтингі бойынша Қазақстан 128 орында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: comments.ua Сурет: comments.ua

Футболдан Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) түзген жаңа рейтингі бойынша 128 орынға орналасты деп хабарлайды Tengrinews.kz ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап. 2014 жылдың алғашқы екі айында бірде-бір кездесу өткізбеген Қазақстан құрамасы қаңтар айында 128 орында еді. Енді міне, ақпан айының тізімі бойынша да 214 ұпай көрсеткішімен дәл сол орында тұрмыз. Ал, бізден бір ұпайы көп Филиппин құрамасы 127 орында болса, 203 ұпай еншілеген Түркіменстан құрамасы бізден бір саты төмен орналасқан. Қаңтар айының жаңа тізімі бойынша мықтылардың сапында айтарлықтай өзгерістер орын алмаған. Бірінші орында 1506 ұпайы бар Испания құрамасы тұр. Екінші орында 1314 ұпай көрсеткішімен Германия құрамасы болса, үшінші орында 1255 ұпай жинаған Аргентина құрамасы жайғасыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети