03 ақпан 2017 15:16

Фристайлшылар тағы екі алтын, бір қола жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Рейхерд © Өмірбек Сансызбай Дмитрий Рейхерд © Өмірбек Сансызбай

Алматыда өтіп жатқан 28-қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық фристайлшы қызымыз екінші алтын жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі. 


Алматыда өтіп жатқан 28-қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық фристайлшы қызымыз екінші алтын жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі. 

Параллельді могул сайысының финалында отандасымыз ресейлік Елизовета Безгодовамен сынға түсіп, 17:8 есебімен жеңіске жетті.

Бұл Универсиада ойындары барысында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен жетінші, ал Юлия Галышеваның жеңіп алған екінші алтын жүлдесі. Бірінші алтын жүлдесін отандасымыз 2 ақпан күні могул сайысында жеңіп алған еді.

Сонымен қатар, фристайлшы Дмитрий Рейхерд Қазақстанға Универсиаданың сегізінші алтын медалін алып берді

Финалда Рейхерд ресейлік Сергей Шимбуевты озып шықты. Тағы бір қазақстандық спортшы Павел Колмаков паралельді могулдан жарыста қола жүлде алды.

Рейхердтің алтын Қазақстан құрамасы үшін сегізінші алтын болды, ал спортшы үшін осы жарыстағы екінші алтыны. Колмаковта екінші рет қола медаль алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети