30 шілде 2014 15:20

Футболдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен ойнайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚФФ ©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшсі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.


Футболдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшсі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Бұл екі құрама арасындағы жолдастық кездесу 12 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 19.30-да басталады. Бұған дейін Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары өзара үш кездесу өткізіп, екеуінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, бір кездесу тең аяқталды.

Еске салайық, ҚФФ тамызда өтетін оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан құрамасының Еуропаның белді құрамаларының бірімен жолдастық кездесу өткізетінін хабарлаған болатын. Ол команданың Хорватия құрамасы екені айтылған еді. Бірақ бүгін ол ақпарат жоққа шығарылып, біздің құраманың Тәжікстанмен ойнайтыны хабарланды.

Айта кетейік, "Еуро-2016" турниріне дайындықты пысықтау үшін Қазақстан құрамасы 5 тамыз күні Алматы маңындағы Талғар оқу-жатты базасына жиналады. Ұлттық құрамамызбен бірге оқу-жаттығу жиындарын жастар (U-21) және жасөспірімдер (U-17) құрамасы да өткізеді. Жастар құрамасының жиыны тамыздың 9-ы мен 13-і аралығында Шымкенттегі "Биік" базасында өтеді деп жоспарлануда. Жиын барысында жастарымыз Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында 2014 жылдың 4 қыркүйегінде өтетін Францияға қарсы ойынға дайындықтарын пысықтамақ. Жасөспірімдер құрамасы "Еуро-2015" іріктеу додасына дайындалады. Жеткіншектеріміздің жиыны Талғардағы базада тамыздың 22-сі мен 30-ы аралығында өтеді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети