06 ақпан 2018 09:01

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Люблянада (Словения) өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты. Отандастарымыз ширек финалда Сербия құрамасын 3:1 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Люблянада (Словения) өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты. Отандастарымыз ширек финалда Сербия құрамасын 3:1 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бразилиялық маман Какау жаттықтыратын ұлттық құрама бірінші таймда қарсыластарын 1:0 есебімен жеңіп шықты. Қорғана жүріп ойнаған Қазақстан құрамасы қарсыластарын сәт сайын қапы қалдыруға тырысты. Сербтер шабуылда ширақ болғанмен, қазақстандық ойыншылардың жүйелі ойыны жанкүйерлер көңілінен шықты. 7 минутта Дугластың тепкен добын қақпашы Акцентовичқайтарып үлгерген. Қайта тепкен Серік Жаманқұловтың добы қақпа торында тулады. Одан кейінгі аралықта командалар қауіпті шабуылдар ұйымдастыра білген. Бірінде қақпа маңдайшасына, бірінде қақпа бағанынан қайтып жатты.

Екінші таймда сербтер таразы басын теңестіруге ұмтылды. Шабуылда ширақ ойнап, Игита қорғаған қақпада доп тулатуға асықты. 23-ші минутта Тайнан Қазақстан құрамасының ойындағы екінші голын соқты. Әйтсе де ойынның аяқталуына 5 минуттай уақыт қалғанда Сербия құрамасы ойын жүйесін өзгертті. Қақпашының орнына ойыншы шығарып, Қазақстан құрамасының ойыншыларын қыспаққа алуға тырысты. Осындай шабуылдардың бірінде бір гол соғып, есепті қысқартты.

Ойынның соңғы минуттары аса тартысты өтті. Сербия құрамасы таразы басын теңестіру үшін тайлы-тұяғымен шабуылға шықты. Бұл тұста Қазақстан құрамасының қорғанысы мен қақпашы Игитаның шеберлігі айрықша байқалды. Соңғы секундтарда Дуглас қарсыластар қателігін оңтайлы пайдаланып, есепті 3:1-ге жеткізді.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Испания мен Украина құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

 

Сборная Казахстана обыграла Сербию и вышла в полуфинал Евро-2018 по футзалу . Игра завершилась со счетом 3:1. Автором первого гола на седьмой минуте стал Серик Жаманкулов, который удачного сыграл на добивании после того, как сербский вратарь Миодраг Аксентиевич отразил удар Дугласа Жуниора со штрафного. . Развить преимущество сборная Казахстана смогла после перерыва. На 23-й минуте контратаку точным ударом завершил Тайнан. При этом сербские фанаты начали свистеть, считая, что за мгновение до гола казахстанцы нарушили правила, а Аксентиевич получил предупреждение за споры с арбитром. . Отыграться у Сербии получилось на 36-й минуте - автором гола стал Слободан Райчевич. В следующей атаке балканцы, выпустившие шестого полевого игрока, и вовсе могли сравнять счет, но Казахстан спасла штанга. Концовка также осталась за сербами, но воплотить навал в гол им не удалось, а вот сборная Казахстана за 23 секунды забила третий мяч - его автором стал Дуглас Жуниор. . Соперник сборной Казахстана по полуфиналу Евро-2018 определится в ночь с 6 на 7 февраля в матче между Украиной и Испанией, который начнется в 2:00 по времени Астаны. Свою встречу в 1/2 финала команда Какау проведет 8 февраля. . #спорт #футзал #евро #евро2018 #казахстан #сербия #sport #futsal #euro #euro2018 #kazakhstan #Serbia @esenamanov_10 @zhamankulov_serik @nurgozhindauren @douglasjr14 @mishkapershin_11 @dimash25881 @leohiguita2 @dovgan10_futsal @cacaukairat

Публикация от Vesti.kz (@vestigram)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети