14 ақпан 2016 01:19

Футзалдан Қазақстан құрамасы сенсация жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: uefa.com Фото: uefa.com

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатында үшінші орынға талас ойында Сербия командасын ойсырата ұтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша, біздің құрама тұңғыш рет қатысқан турнирдің қола медалін жеңіп алды. 

Ойын 13 ақпанда Белградтағы аренада өтіп, 5:2 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасында Дуглас (хет-трик), Серік Жаманқұлов және қақпашы Игита гол соқты. Қарсыластардан болса Ракич пен Райчевич көзге түсті. 

Фото: uefa.com

Айта кетейік, біздің құрама турнирлер тарихында жүлде алған жалғыз команда болып отыр. Осыған дейін бірде-бір команда турнирге бірінші рет қатысып, жеңіс тұғырынан көрінбеген болатын. Мәселен 2010 жылы Әзірбайжан құрамасы тұңғыш рет қатысып, төртінші орыннан көрінген еді.

Еске салайық, футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына Италия командасын жеңіп, шыққан еді. Бұл нәтижені БАҚ-тар мен мамандар сенсация деп атады. Алайда, жартылай финалда біздің спортшылар Испанияға есе жіберіп алған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети