03 наурыз 2014 18:41

Галина Вишневская – қазақ биатлонының жаңа буыны

ПОДЕЛИТЬСЯ

Г.Вишневская (ортада). Фото: biathlonworld.com Г.Вишневская (ортада). Фото: biathlonworld.com

Биатлоннан Преск Айлде (АҚШ) өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына бір алтын, бір күміс түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жасөспірімдер санатындағы қыздар арасындағы бәйгелерде Галина Вишневская ел намысын абыроймен қорғауда. Ол әуелі спринт бәйгесінде екінші орын алып, күміс жүлдегер атанды. Екі рет жамбы атудың соңғысында, яғни түрегеп тұрып нысана көздеуде бір рет мүлт кетіп, соның кесірінен алтынға қол жеткізе алмады. Чемпион атанған орыс қызынан 0,3 секунд қана қалып қойды. Есесіне, ізге түсу бәйгесінде спринтте алтынмен апталған Ресей қызы Е.Павлованы бірінші жамбы атуда-ақ басып озып кетті. Содан бірінші орынды уысынан шығарған жоқ. Бұл жолы төрт рет жамбы ату керек болды. Галина соның екіншісі мен төртіншісінде бір реттен мүлт кетсе де, алдына жан салған жоқ. Көмбеге екінші орын алған неміс қызы Луиза Каммерден бір минуттай бұрын жетті. Естеріңізге сала кетейік, Галина Вишневская жақында Сочи Олимпиадасына қатысып, баға жетпес тәжірибе жинақтап қайтқан. Осы бетінен таймаса, болашақта ел намысын лайықты деңгейде қорғайтын аруымызға айналады деп үміттенеміз. Өкінішке қарай, қалған қыз-жігіттеріміз жүлделі орындарға сына қаға алар емес. Бүгінге дейін өткен бәйгелердегі жерлестеріміздің көрсеткіштері төмендегідей: Биатлон. Әлем чемпионаты. Жасөспірімдер. Қыздар. Спринт. 6 шақырым 18. Елизавета Бельченко 38. Евгения Красикова 42. Алина Слепенко 47. Виктория Баженова Қыздар. Ізге түсу жарысы. 7,5 шақырым 10. Елизавета Бельченко 29. Евгения Красикова 39. Алина Слепенко 47. Виктория Баженова Жасөспірімдер. Жігіттер. Спринт. 7,5 шақырым 7. Роман Еремин 10. Владислав Витенко 12. Андрей Ларионов 36. Владислав Миропольский Жігіттер. Ізге түсу жарысы. 10 шақырым 13. Владислав Витенко 18. Роман Еремин 38. Андрей Ларионов 40. Владислав Миропольский Жастар. Қыздар. Спринт. 7,5 шақырым 2. Галина Вишневская 19. Анастасия Кондратьева 38. Александра Сасина 44. Валентина Сауленко Қыздар. Ізге түсу жарысы. 10 шақырым 1. Галина Вишневская 30. Александра Сасина 34. Анастасия Кондратьева 45. Валентина Сауленко Жастар. Жігіттер. Спринт. 10 шақырым 26. Максим Браун 33. Руслан Бесов 39. Вадим Юшин 40. Тимур Хамитгатин Жігіттер. Ізге түсу жарысы. 12,5 шақырым 27. Тимур Хамитгатин 31. Максим Браун 37. Руслан Бесов 54. Вадим Юшин Жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 7 наурызға дейін созылады. Ендеше, Галина Вишневская бастаған таланттарымыздың әлі де бірнеше мүмкіндіктері бар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети