Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Головкин Boxingnews 24 тұжырымы бойынша жыл боксшысы атанды

26 Желтоқсан 2014, 10:18
0
Геннадий Головкин. ©Tengrinews.kz
Геннадий Головкин. ©Tengrinews.kz

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Boxingnews 24 басылымының тұжырымы бойынша жыл боксшысы атанды.

Басылым колумнисі Дэн Эмброуз Головкиннің жекпе-жектерін ESPN телеарнасы "2014 таңдауы" атағын берген Теренс Кроуфордтың жекпе-жектерінен едәуір жоғары санайды. Қазақстан боксшысының өткізген үш жекпе-жегі де уақытынан бұрын аяқталды, ол Марка Антонио Рубионы, Дэниэл Гилді және Осуману Адаманы нокаутқа түсірді. "Ол шықты да қарсыластарын жайпап тастады", - деді журналист.

Сонымен қатар, Эмброуз Головкиннің табынушылары Мэнни Пакьяо немесе Сауль Альварестің табынушыларындай көп емес екенін айтты, алайда ол бокс әуесқойларының назарын қызықты жекпе-жектерімен баурап алады. 

Бұған дейін SouthCoastToday порталының колумнисі Боб Ханна категорияларға қарамастан, қазақстандық Геннадий Головкинді үздік ондығына енгізді. Сонымен қатар, тілші Головкинді қандай да бір себептермен елемейтін немесе оны өте төмен бағалайтын басылымдарды сынады. Ханнаның пікірінше, Головкин үздік үштіктен орын алуға лайық. "Қазақстаннан шыққан киллер орта салмақты торуылдап жүр", - деді ол. Колумнист қазақстандықтан америкалықтар Флойд Майвезер-кіші мен Андре Уордты ғана биік қойды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай