27 тамыз 2019 09:07

Головкин Деревянченкодан кейін кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) WBA чемпионы жапониялық Риота Муратамен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz


Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) WBA чемпионы жапониялық Риота Муратамен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Boxingscene.com порталына берген сұхбатында Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) IBF титулын сарапқа салған соң, Муратамен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. 

"100 пайыз, мен бұл жекпе-жекке ашықпын. Әрине, бірінші әлем чемпионы титулын жеңіп алуым керек. Муратамен кездесу сөзсіз қызық. Бұл өте маңызды, ұлы жекпе-жек болады деп ойлаймын", - деді Головкин. 

Айта кетсек, Головкин мен Деревянченко 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети