WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығынан (WBA) әлемнің бұрынғы чемпионы, аустралиялық Дэниэл Гилмен жұдырықтасуға рұқсат алды. Одан бөлек, WBA Головкинге "суперчемпион" атағын берді, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Бұған дейін WBA Головкинді австралиялық Джаррод Флетчермен жекпе-жек өткізуге міндеттеген болатын. Бірақ НВО телеарнасы бұл жекпе-жекті мақұлдамады. Содан кейін Геннадий Головкин жаттығатын K2 Promotions промоутерлік компаниясының директоры Том Леффлер WBA-дан не Головкинді "суперчемпион" атағына көтеруді, не Гилға қарсы өз чемпиондық атағын қорғап қалуды сұраған еді.
Аз ғана кідірістен кейін Дүниежүзілік бокс қауымдастығы Головкинге екі мүмкіндікті де беріп отыр. Головкин мен Гил арасындағы жекпе-жек ресми түрде 5 маусым күні, Лос-Анджелесте өтетін баспасөз жиынында жарияланады. Ал кездесудің өзі 26 шілде күні 20 мың жанкүйер сыйатын Madison Square Garden аренасында өтеді.
Геннадий Головкин үшін бұл кәсіпқой бокстағы 30-шы жекпе-жек болмақ. Сондай-ақ ол 11-ші рет чемпиондық атағын қорғайтын болады. Қазақстандық боксшы осы уақытқа дейін өткізген 29 кездесуінің барлығында жеңіске жеткен. Тіпті 26 жекпе-жегінде Геннидий қарсыластарын нокаутқа жіберген.
Еске салайық, негізі Головкин 19 шілдеде Лос-Анджелестегі "Форум" жабық аренасында кіші Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасуы керек болған. Бірақ, мексикалық боксшы бұл кездесу үшін аз ақша төленеді деп, жекпе-жектен бас тартты.