Головкин Гилмен "суперчемпион" дәрежесінде жұдырықтасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Геннадий Головкин. Cурет:  digitalcollaborative.org Геннадий Головкин. Cурет: digitalcollaborative.org

WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығынан (WBA) әлемнің бұрынғы чемпионы, аустралиялық Дэниэл Гилмен жұдырықтасуға рұқсат алды. Одан бөлек, WBA Головкинге "суперчемпион" атағын берді, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығынан (WBA) әлемнің бұрынғы чемпионы, аустралиялық Дэниэл Гилмен жұдырықтасуға рұқсат алды. Одан бөлек, WBA Головкинге "суперчемпион" атағын берді, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Бұған дейін WBA Головкинді австралиялық Джаррод Флетчермен жекпе-жек өткізуге міндеттеген болатын. Бірақ НВО телеарнасы бұл жекпе-жекті мақұлдамады. Содан кейін Геннадий Головкин жаттығатын K2 Promotions промоутерлік компаниясының директоры Том Леффлер WBA-дан не Головкинді "суперчемпион" атағына көтеруді, не Гилға қарсы өз чемпиондық атағын қорғап қалуды сұраған еді. 

Аз ғана кідірістен кейін Дүниежүзілік бокс қауымдастығы Головкинге екі мүмкіндікті де беріп отыр. Головкин мен Гил арасындағы жекпе-жек ресми түрде 5 маусым күні, Лос-Анджелесте өтетін баспасөз жиынында жарияланады. Ал кездесудің өзі 26 шілде күні 20 мың жанкүйер сыйатын Madison Square Garden аренасында өтеді. 

Геннадий Головкин үшін бұл кәсіпқой бокстағы 30-шы жекпе-жек болмақ. Сондай-ақ ол 11-ші рет чемпиондық атағын қорғайтын болады. Қазақстандық боксшы осы уақытқа дейін өткізген 29 кездесуінің барлығында жеңіске жеткен. Тіпті 26 жекпе-жегінде Геннидий қарсыластарын нокаутқа жіберген.

Еске салайық, негізі Головкин 19 шілдеде Лос-Анджелестегі "Форум" жабық аренасында кіші Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасуы керек болған. Бірақ, мексикалық боксшы бұл кездесу үшін аз ақша төленеді деп, жекпе-жектен бас тартты.

 

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer