22 қаңтар 2015 19:24

Головкин Мюрреймен кездесуде Тайсонның жетістігін қайталауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ағылшын Мартин Мюрреймен кездесуінде америкалық аңызға айналған Майк Тайсонның қатарынан жасаған нокауттар саны жөнінен жетістігін қайталауы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz

21 ақпанда Монакода Головкин ағылшынды нокаутқа түсірсе, бұл GGG үшін 19-шы нокаут болады. Ал Тайсон да өзінің мансап жолының басында қарсыластарын қатарынан нокаутқа 19 рет түсірген болатын.

"Темір Майктың" нокауттар сериясы 1986 жылдың мамыр айында үзілді. Бұл кезде ол чемпиондық титулға таласқан Джейм Тиллиспен кездескен еді. Бұл жұдырықтасуда Тайсон қарсыласын нокдаунға жіберді, бірақ ол көтеріліп, жекпе-жектің соңына дейін шыдас берді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Айта кетейік, Геннадий Головкин кәсіби рингте 31 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті, ал нокаутқа 28 рет түсірді. 2008 жылдан бері ешбір боксшы қазақстандыққа қарсы кездесуді соңына дейін шыдай алмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети