28 наурыз 2014 10:49

Головкин Шығыс Еуропаның үздік боксшылары тізімінде екінші орында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Генадий Головкин. Сурет: vk.com  желісінен алынды Генадий Головкин. Сурет: vk.com желісінен алынды

WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Шығыс Еуропаның 10 үздік былғары қолғап шебері рейтингісінде екінші сатыға орналасты, деп хабарлайды Tengrinews.kz bleacherreport.com порталына сілтеме жасап.

Америкалық "Bleacher Report" спорт порталы жасаған бұл рейтингте Головкин екінші орында тұр. Ол кәсіпқой рингте 29 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті және оның 26-сын нокаутпен аяқтаған. Сонымен қатар қазақстандық спортшы әлемнің қазіргі кездегі барлық чемпиондары арасында үздік нокаутшы болып танылды.

Ал, бұл рейтингте бірінші орынды WBA, WBO, IBF және IBO  нұсқалары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украиндық Владимир Кличко иеленді. Үздік үштікке WBO нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы, ресейлік Сергей Кобалев енді.

Сондай-ақ тізімнің алғашқы ондығына Руслан Проводников (Ресей), Евгения Градович (Ресей), Марко Хук (Германия), Кубрат Пулев (Болгария), Александр Поветкин (Ресей), Вячеслав Глазков (Украина), және Томаш Адамек (Польша) сынды былғары қолғап шеберлері кірген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети