10 тамыз 2019 17:49

Головкиннің әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жегінің ресми анонсы қашан шығады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: DAZN Сурет: DAZN

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) 5 тамызда қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы орташа салмақтағы бос чемпион титулы үшін жекпе-жек өткізуге рұқсат берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Халықаралық бокс федерациясы (IBF) 5 тамызда қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы орташа салмақтағы бос чемпион титулы үшін жекпе-жек өткізуге рұқсат берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Тараптарға келіссөз жүргізуге 30 күн берілді, содан кейін 15 күн ішінде олар IBF-ке келісім-шартын ұсынуы тиіс. Боксшылар 4 қыркүйекке дейін келісе алмаса, промоутерлік сауда өткізіледі.

Головкин бұған дейін IBF титулы үшін жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын растаған. Кездесу 5 қазанда Нью-Йоркте (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтуі мүмкін, онда қазақстандық осы жылдың маусым айында канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) DAZN дебютінде нокаутқа жіберген.

BoxingScene.com ақпараты бойынша, Головкин мен Деревянченконың жекпе-жегінің ресми анонсы жақын арада осы аптаның соңына дейін өтуі мүмкін.

Еске салсақ, Головкин - "Канело" трилогиясы 14 қыркүйекте өтеді деп күтілген еді, алайда, мексикалық боксшы GGG-мен үшінші рет жұдырықтасудан бас тартқан. Мұның орнына Альварес бірінші ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен жұдырықтаспақ еді. Дегенмен ресейлік боксшымен келіссөздер сәтсіз болып, ол қыркүйектегі жекпе-жегін мүлде өткізбейтін болды да, рингке оралуын жыл соңына шегерді.

Ал тамыздың басында IBF өзінің "Канелоға" тиесілі титулын тартып алған. Артынша IBF бос қалған белбеу үшін Деревянченко мен Головкин (39-1-1, 35 КО) жекпе-жегіне рұқсат берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети