08 маусым 2015 10:51

Головкиннің командасы Котто - Альварес жекпе-жегіне рұқсат бермеуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Том Леффлер, Геннадий Головкин және Абель Санчес. © Аllboxing.ru Том Леффлер, Геннадий Головкин және Абель Санчес. © Аllboxing.ru

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Котто қазақстандық боксшымен келісімге келмей, мексикалық Сауль Альвареспен кездесе алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz


WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Котто қазақстандық боксшымен келісімге келмей, мексикалық Сауль Альвареспен кездесе алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Мигель Головкинмен жекпе-жек өткізбеуі мүмкін, дегенмен ол титулын сақтап қалғысы келсе, бізге бұл мәселені қалай да шешу керек", - деді Леффлер. - Ол орта салмақта керемет өнер көрсетті. Ал үш фунт ешқандай өзгеріс әкелген жоқ, сондықтан да оған тиісті нәрсені беру керек. "Канелоға" қарсы жекпе-жекке келсек, біз WBC келісімшартына отырған кезде ол кездесуден бас тартқан жоқпыз. Котто мен "Канело" мамырда кездесетін болған. Олар жекпе-жек өткізбеді, енді титулды қорғау жөнінде мәселе туындап отыр".

"Біз Мигельді құрметтейміз, дегенмен Геннадий орта салмақта чемпиондық титулдарды біріктіріп, WBC титулына қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Бүкіләлемдік бокс одағы Коттоның Головкинмен келісімге келмейінше "Канеломен" кездесе алмайтынын нақты мәлімдеді. Геннадий үшін келісім емес, титул маңызды. Біз Коттоның промоутері Roc Nation компаниясымен жақсы қатынастамыз. Ешкімге қысым көрсеткіміз келмейді, дегенмен бұл бизнестің ісі", - деді Леффлер.

Еске сала кетейік, Головкин WBC белбеуінің уақытша иегері. Ал Котто осы титулдың нағыз иесі. WBC шешіміне орай, Мигель Дэниэл Гилмен өткен жекпе-жектен кейін міндетті түрде Головкинмен кездесуі керек. Дегенмен, Котто келесі жекпе-жегі Альвареспен өтетінін мәлімдеді. Егер ол Альвареспен кездесетін болса өтемақы төлеуі керек немесе Альваресті жеңген жағдайда Головкинмен кездесетініне кепілдік беруі тиіс.

Қазақстандық боксшының жаттықтырушысы Абель Санчес Геннадийдің Коттоға қысым жасамайтынын айтты. Оның айтуынша, Головкин үшін Мигельдің иелігіндегі WBC титулы маңыздырақ. Санчестің басқа да мәлімдемелері туралы мына жерден оқи аласыздыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети