Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Головкиннің нокауты үздік жиырмалыққа енді

27 Желтоқсан 2014, 14:04
0
Геннадий Головкин. ©REUTERS
Геннадий Головкин. ©REUTERS

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Рубиомен жекпе-жектегі нокауты Gorilla Productions тұжырымы бойынша 2014 жылдың ең үздік ТОП-20 нокауттар қатарына кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. "Геннадий Головкин - Марко Антонио Рубио" жекпе-жегі 19 қазанда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында StubHub Center аренасында өтті.

Головкиннің мексикалық Рубиомен жекпе-жетегі жасаған нокауты 18-інші орында. Рейтингтің үшінші орнында ұлыбританиялық Карл Фрочтың отандасы Джордж Грувспен жекпе-жекте жасаған нокауты тұр. Ал екінші орынға Виргин аралдарынан шыққан Джон Джексонды нокаутқа жіберген Ирландияның боксшысы Энди Ли жайғасты. Жылдың ең үздік нокауты деп филиппиндік Марвин Сонсонның жапон Акифуми Шимодамен жекпе-жектегі нокауты танылды. Рейтинг туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен WBC нұсқасының уақытша чемпионы 34 жастағы мексикалық Марко Антонио Рубио АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында StubHub Center аренасында өткен жекпе-жекте әлем чемпионы деген атаққа таласты. Головкин екінші раундта қарсыласын есінен таңдырып, жеңіске жетті.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай