29 сәуір 2014 14:53

Головкиннің промоутері WBС директоры болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин және Том Леффлер. Сурет: vesti.kz Геннадий Головкин және Том Леффлер. Сурет: vesti.kz

Бүкіләлемдік бокс одағы (WBС) промоутерлердің дауыс беруі арқылы ұйымның директорлар кеңесіндегі жаңа басшысын таңдағанын айтты. Енді бұл қызметті алдағы уақытта К2 Promotions компаниясының директоры, орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер атқаратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Лос-Анджелес қаласында орналасқан K2 Promotions компаниясы 2003 жылы құрылған. Ал 2004 жылдың сәуір айында Леффлер Виталий Кличко мен Корри Сандерс арасындағы өзінің алғашқы жекпе-жегін ұйымдастырды. Содан бергі соңғы 12 жылдың ішінде K2 Promotions компаниясы әлемдегі ең белді промоутерлік ұйымдардың бірі болып қалыптасты. Бүгінгі таңда компания  Staples Center, Mandalay Bay, Мэдисон Сквер Гарден, Арена O2 World және т.б компаниялармен біріге жұмыс істейді.

Бұған дейін бұл қызметті итальяндық OPI 2000 промоутерлік компаниясының басшысы Сальваторе Керки атқарып келген. Айта кетейік, WBС Том Леффлерді бұл қызметке ресми тағайындап, көпшілікке таныстырды.

Еске салайық, Генадий Головкин осы уақытқа дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 29 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен. Ол өзінің соңғы кездесуін 1-ақпан күні Монакода ганалық боксшы Осуману Адамаға қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен қарсыласынан басым түскен. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети