23 қараша 2018 09:00

Хабиб Нурмагомедов "Қазақстандағы бауырларына" алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов мұсылмандардың қасиетті жерлеріне сапарлатуға көмектескен қазақстандықтарға алғысын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов мұсылмандардың қасиетті жерлеріне сапарлатуға көмектескен қазақстандықтарға алғысын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

13,3 миллион адам жазылған Instagram-парақшасында файтер жақында ғана оралған Сауд Арабиясынан сурет жариялады. 

"Алланың үйі - Қасиетті Мекке мен Мәдинаға баруға көмектескен Қазақстандағы бауырларға рақмет", - деп жазды ол суреттің сипаттамасына. Бұл жазбасына 1,8 миллиондай лайк басылыпты.

Еске салайық, Нурмагомедов соңғы жекпе-жегін 6 қазанда ирландиялық Конор МакГрегорға қарсы өткізіп, төртінші раундта жеңіске жеткен еді. Осылайша ол алғаш рет жеңіл салмақта UFC чемпионын қорғап қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети