07 шілде 2019 10:46

Хабиб Нурмагомедов пен Нейт Диас UFC 239 турнирінде төбелесе жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

АҚШ-та UFC 239 турнирінде ұйымның чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Нейт Диас арасында жанжал шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


АҚШ-та UFC 239 турнирінде ұйымның чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Нейт Диас арасында жанжал шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Спорт-Экспресс" басылымы куәгерлерге сілтеме жасап, турнир барысында Диас өз отырған орнынан тұрып, Хабиб жайғасқан секторға барғанын айтады. Жаппай төбелес болған жоқ, алайда қос команданың өкілдері арасында қақтығыстар болған. Куәгерлер болған жағдайды телефон камерасына түсіріп алған. 

Айта кетейік, 30 жастағы Хабиб Нурмагомедов кәсіпқой мансабында 27 кездесу өтікізіп, барлығында да жеңіске жетті. Ресейлік файтер 7 қыркүйекте Абу Дабиде (БАӘ) UFC 242 турнирінде америкалық спортшы Дастин Порьеге қарсы өткізеді. Олар жеңіл салмақта UFC чемпионы атағына таласатын болады. 

34 жастағы Нейт Диас ММА-да 30 кездесу өткізген. 19 кездесуде жеңімпаз атанып, 11 рет есе жіберген. Америкалық файтер Нурмагомедовты бірнеше рет жекпе-жекке шақырып, әлеуметтік желіде "тиіскен" еді. Ол келесі кездесуін UFC 241 турнирі аясында 17 тамызда АҚШ-тың Анхайм қаласында өз отандасы Энтони Петтиске қарсы өткізеді. 

Екі файтер де соңғы кездесулерінде UFC жұлдызы ирландиялық Конор МакГрегорға қарсы өткізген: Диас 2016 жылы жеңілген, ал Нурмагомедов 2018 жылы мерзімінен бұрын жеңді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети