1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Хорватияда Денис Тенді марапаттау рәсімінде Қазақстанның ежелгі әнұраны қойылды

  • 1
© Instagram.com/denisten_official © Instagram.com/denisten_official

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді марапаттау рәсімінде Қазақстанның ежелгі әнұраны қойылып кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Golden Spin of Zagreb турнирінің жеңімпазы ұйымдастырушылардың қателігін байқағаннан кейін қолын кеуде тұсынан алды. Айта кетейік, Тен осымен екінші рет Golden Spin of Zagreb турнирінің жеңімпазы атанып отыр.

Тен қысқа бағдарламада 94,03 ұпаймен көш бастаған еді. Мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасында да ол 182,36 ұпаймен үздік атанды. Денис екі жаттығу қорытындысы бойынша 276,39 ұпай жинады.