20 шілде 2018 08:32

Ильин мен Головкин Денис Теннің қазасы жайлы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин мен әлемге әйгілі боксшы Геннадий Головкин Алматыда шабуылдан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин мен әлемге әйгілі боксшы Геннадий Головкин Алматыда шабуылдан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл қасіреттен есеңгіреп қалдым. Ерекше спортшыдан айырылып қалдық, жүрегімізге қуаныш сыйлайтын тамаша жігіт еді, жап-жас болса да еліміз үшін көп еңбек етті. Інім Денис Теннен айырылып қалдық, әрбір кездескенімізде ақылымен, асқан әдебімен тәнті ететін", - деп жазды Ильин Instagram желісіндегі парақшасында. 

Оның айтуынша, Денис оған өмірде дамуына әрдайым шабыт сыйлаған. "Ал шын мәнінде оған қарап тұрып, мен үздік болуға тырысатынмын, іштей "Керемет жігіт өсіп келеді" деп ойлайтынмын. Жанымызда жоқ екенін түсінудің қаншалықты қиын екенін білсеңіздер. Денистің отбасы мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды ол.

 

Ты навсегда останешься в нашей памяти... RIP

Публикация от Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing)

 

Ал боксшы Геннадий Головкин "Сен біздің жадымызда мәңгі қаласың. RIP" деп жазды. 

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан ол ауруханада көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети