03 қараша 2016 17:14

Ильинге министрліктен қызмет ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильинге спорт функционері болу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Илья Ильинге спорт функционері болу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Илья Ильинге Қазақстанның жетекші спорт ұйымы - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің штат және ұлттық командалары дирекциясында кеңесші болу ұсынылып отыр. Мұндай ұсынысты Арыстанбек Мұхамедиұлы кездесу барысында айтты.

Министр Мемлекет басшысының спортшылардың халықаралық антидопинг ұйымының шешіміне байланысты қатты уайымдап жүргенін және "атақты спортшыларымыздың назарсыз қалып қоймауына нақты тапсырмалар бергенін" ерекше атап өтті. Ол қазақстандық спортшылардың мүддесін қорғау мақсатында Лозаннаның ең ірі заңгерлік компанияларымен белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. 

"Біздің, Мәдениет және спорт министрлігінің ұстанымы - Халықаралық олимпиада комитетінің біздің спортшыларымызға қатысты қандай шешім қабылдайтынына қарамастан, әрбір спортшымыздың мүмкіндігін өмірде де ашу. Спорт жолының ұзаққа созылмайтынын бәріміз білеміз, сосын спортшылар басқа жұмысқа ауысады. Біреулері бапкер болса, біреулері қоғамдық жұмыстарға араласады", - деді министр.

Сондай-ақ, министр Илья Ильиннің жаттығуын үзбей жүріп, қазақстандық спортшылардың арасында бірінші болып, PhD докторы дәрежесін алғанын атап өтті.

Өз кезегінде Илья Ильин бұл қызметте өзіне тапсырылған міндетті ақтайтынын айтып, сендірді.

"Мемлекет басшысына бізді, спортшыларды назарсыз қалдырмағаны үшін алғыс білдіремін. Бұл жағдай біз үшін шын мәнінде өте ауыр соққы болып тиді. Маған қатысты хат әлі келген жоқ, спортшы ретіндегі мансапбымның болашағы әзірше түсініксіз, бірақ үкіметіміздің спортшыларды назарсыз қалдырмағаны қуантады", - деп алғысын білдірді Илья Ильин. 

"Мүмкіндігіңіз болса, жеке менің атымнан Нұрсұлтан Әбішұлына хабарын беріңізші - мен тірімін, барлығы жақсы, қалпымдамын. Сұрап жатса", - деді спортшы.

Еске салайық, осыған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті 2008 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Таймураз Тигиевті медалінен айырған болатын. Ал зілтеміршілер Майя Манеза, Светлана Подобедова және Зүлфия Чиншанло 2012 жылғы Олимпиада ойындарының алтын медальдарынан қағылған еді. Айта кетейік, ХОК әзірше Илья Ильинге қатысты шешім шығарған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети