25 тамыз 2015 10:48

Илья Ильин әлем рекордын жаңартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Ауыр атлетикадан екі дүркін олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы қазақстандық Илья Ильин серпе көтеруден әлем рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz спортшының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Түнгі жаттығу. Серпе көтеруден 250 келі. Әлемдік рекорд!!!", - деп жазды Ильин видео жүктей отырып. Толығырақ мына мына жерден оқи аласыздар. Айта кетейік, шетел сарапшылары 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында Илья Ильиннің алтын медаль ала алмайтынын жазды. Олар қазақстандық спортшы екінші орыннан көрінеді деп болжап отыр.

Дегенмен Ильин бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді. Ол сарапшылардың 99,9 пайызға қателескенін айтты. "Бұл менің Олимпиада ойындарына үшінші рет қатысуым, мен мұндай жағдайларға бұрын да кезіккенмін. Лондондағы олимпиада кезінде де маған осындай пікір айтылды. Мен мұны дұрыс деп есептеймін. Дегенмен, сарапшылар 99,9 пайызға қателесті", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети