17 қараша 2014 09:07

Илья Ильин Алматыда өткен әлем чемпионатының үздік атлеті атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильиннің Instagram-дағы жеке парақшасынан Илья Ильиннің Instagram-дағы жеке парақшасынан

Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Алматыда өткен әлем чемпионатының үздік атлеті атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Алматыда өткен әлем чемпионатының үздік атлеті атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен үздіктердің бірімін! Маған жанкүйер болғандардың бәріне рақмет! Бұл - біздің жеңісіміз!" - деп жазды Илья Ильин Instagram-да.

Илья Ильин Алматыда өткен әлем чемпионатында өзінің жаңа салмақ дәрежесі - 105 келіге дейінгі бәсекеде алтын медальді жеңіп алды, 26 жастағы спортшы 190 келіні жұлқа көтерді, ал 242 келіні серпе көтерді, сөйтіп, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Eurosport.ru порталы Ильинді халықаралық аренада ешнәрсе тең келе алмайтын сегіз спортшының қатарына қосты. 

Еске сала кетейік, Алматыда ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды. Қазақстандық ауыратлеттердің қоржынында үш алтын, екі күміс медаль бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети