08 қазан 2015 14:59

Илья Ильин алтын медаль иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильин. © REUTERS Илья Ильин. © REUTERS

Илья Ильин 105 келі салмақ дәрежесінде ауыр атлектикадан өткен Спартакиаданы жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Илья Ильин 105 келі салмақ дәрежесінде ауыр атлектикадан өткен Спартакиаданы жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі дүркін олимпиада чемпионы ҚР еңбек сіңірген екі спорт шеберімен тартыста алтын медальды жеңіп алды. Ильинмен Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев күш сынасты. Нәтижесінде Ильиннің көрсеткіші үздік деп танылды: ол 431 (191 + 240) келіні бағындырды. Екінші орын әлем чемпионы Қыдырбаевта - 418 (188+230) келі. Қола медаль Өтешовке бұйырды - 410 (180 + 230) келі.

Айта кетейік, Ильин жарысты әлеуметтік желі арқылы трансляциялады. Толығырақ мына жерден оқыңыздар.

Ауыр атлетикадан Талдықорғанда өткен ҚР IV Спартакиадасы 8 қазанда аяқталды. 105 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша ерлер арасындағы жарыс бағдарлама бойынша соңғы орында ұсынылды.

Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан екі дүркін олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы қазақстандық Илья Ильин серпе көтеруден әлем рекордын жаңартқан болатын. "Түнгі жаттығу. Серпе көтеруден 250 келі. Әлемдік рекорд!!!", - деп жазды Ильин Instagram желісіндегі парақшасына видео жүктей отырып.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети