Илья Ильин Дохадағы турнирде тұғырға шықпады. Себебі анықталды

23 Желтоқсан 2018, 09:13
0
Илья Ильин Дохадағы турнирде тұғырға шықпады. Себебі анықталды - Илья Ильин. © Reuters
Илья Ильин. © Reuters

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Мельников Илья Ильиннің Дохада өтіп жатқан Олимпиада-2020-Катар кубогы лицензиялық турнирінде ең ауыр салмаққа тапсырыс беріп, тұғырға неліктен шықпағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

"Ильяның ауыр жарақаттануына жол бермейік деп шештік. Белгілі бір емнің жасалғанына қарамастан, қалыпқа келу процесі болды, шынығу кезінде омыртқасындағы жарық шаншып кетті. Нәтижеге дейін баруға болатын еді, бірақ белді бір жола үзу қаупі болды.

Бапкерлік құрам оны тұғырға шығармау туралы шешім қабылдады, себебі алда бұдан да маңызды жарыстар бар", - деп келтірді Мельниковтің сөзін Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы қазақстандық Илья Ильиннің Дохада өтіп жатқан Олимпиада-2020-Катар кубогы лицензиялық турнирінде ең ауыр салмаққа тапсырыс беріп, тұғырға шықпағаны хабарланған еді. 

Қазақстандық спортшы өзінен бөлек 11 спортшы қатысып жатқан 109 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жарысқа қатысуы керек болған. Жұлқа көтеруден ең ауыр тапсырыс - 180 келіні Ильин сұратқан. Ал серпе көтеруден - 215 келі, мұндай тапсырыс тек украиналық Дмитрий Чумакта болған. Жұлқа көтеру үшін тұғырға шығар алдында Ильиннің жарысқа қатысудан бас тартқаны анықталды. 

Ильин спорттан шеттетілгеннен кейін биыл Қазақстан чемпионатын жеңген соң қайта оралды. Кейін бапкерлік штаб спортшыны Ашхабадта қарашада өткен 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамаға қосқан еді.

Ильин 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуі керек болған. Алайда дәрігерлер омыртқасындағы ақауға байланысты емделуге уақыт керегін хабарлады. Нәтижесінде Ильин 2018 жылғы Әлем чемпионатына қатыса алмады. Кейінірек Ильин Токиода өтетін 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарынан алтын медаль алып, спорттан кеткісі келетінін мәлімдеген еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай