21 маусым 2016 19:35

Илья Ильин Седовтың мәлімдемелеріне жауап қатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильин Седовтың мәлімдемелеріне жауап қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Илья Ильин Седовтың мәлімдемелеріне жауап қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Володяға менің ешқандай да жағымсыз ойларым жоқ. Шынымды айтсам, уақытым жоқ. (...) Вованың мәлімдемелеріне қарайтын уақытым жоқ. Меніңше, ол өз ойын жинақтауы керек сияқты", - деді Ильин. 

"Вованың Риоға барып, помостта күшті екенін дәлелдеуге жақсы мүмкіндігі туып тұр. Мәлімдемелеріне келсек, барлығында да жүйке бар, төртінші жыл осымен - ең қиын кезең. Ойды жинақтап, бір команда екеніміз жайлы ойлауымыз керек. (...) Мен оны құрметтеймін. Командасын жоғалтып алған адамға әрқашан қиын болады, ал менің командам бар, оны қабылдап, онымен бірге жұмыс істеуге дайын. (...) Бізде жақсы тәжірибе бар. Польшадан кейін ол маған өзі келіп қоятынын айтты. (...) Ол жинақталып, помостта өзін көрсетуі тиіс", - деді спортшы.   

Еске салайық, осыған дейін Владимир Седов ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында дау шығарып, кейін Илья Ильинге қатысты бірқатар өткір мәлімдемелер жасаған болатын. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети