Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Илья Ильиннің шәкірті ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль алды

10 Қыркүйек 2015, 19:42
2

Илья Ильиннің шәкірті Рүстем Сыбай ауыр атлетикадан Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль алды, - деп хабарлайды Vesti.kz

94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз қоссайыстың нәтижесінде 383 (167+216) келі салмақты еңсерді. Алайда ол серпе көтеруде үшінші болды, ал жұлқа көтеруде жеңіске жетті.

Екінші орынды корей спортшысы Джунг Хен Сеоп алды. Ол 376 келі салмақты басынан асырды. Дәл осы салмақты Иран ауыратлеті Хашеми Әли де көтерді, бірақ корейден ауыр болып шығып, үштікті қорытындылады.

Осылайша Қазақстанның қоржынында үш алтын медаль бар. Осыған дейін Айдар Қазов пен Ермек Өміртайдың чемпион атанғаны хабарланған болатын. Әйелдер құрамасы да көзге түсті, бірақ тек қола медаль бұйырды. Фаина Сиванбаева, Әсем Садықова және Майра Файзуллаева үшінші орындарды місе тұтты.

Еске салайық, ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Тайландта 6-12 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай