20 маусым 2014 18:16

Италия - Коста-Рика ойынын қай арна көрсетеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилиядағы әлем чемпионатының тоғызыншы ойын күнінде Италия - Коста-Рика, Франция - Швейцария және Гондурас - Эквадор кездесулері өтеді. Тengrinews.kz футбол кездесулерін қай арнадан тамашалауға болатынын назарларыңызға ұсынады.


Бразилиядағы әлем чемпионатының тоғызыншы ойын күнінде Италия - Коста-Рика, Франция - Швейцария және Гондурас - Эквадор кездесулері өтеді. Тengrinews.kz футбол кездесулерін қай арнадан тамашалауға болатынын назарларыңызға ұсынады.

Бүгінгі болатын ойындарды қазақстандық жанкүйерлер "Қазақстан", KAZsport және "Еуразия" Бірінші арнасы" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Астана уақытымен 22.00-де "Арена Пернамбуку" стадионында өтетін Италия және Коста-Рика арасындағы кездесуді "Еуразия бірінші арнасы" тікелей эфирде таратады. 

Ағылшын құрамасының тағдыры бұл ойынға тәуелді. Егер итальяндар ұпай жоғалтса, Ұлыбритания құрамасы чемпионаттан шығып қалады. Италиялықтар болса, мұны әзілге айналдырып отыр. "Егер біз Коста-Риканы ұтсақ, бетімнен, әрине, Ұлыбритания патшайымы сүйеді деп үміттенемін", - деп жазды италиялық ойыншы Марио Балотелли Twitter-дегі аккаунтында.

Тоғызыншы ойын күнінде  Швейцария мен Франция құрамалары арасындағы екінші матч Сальвадоре қаласындағы "Форте-Нова" стадионында өткізеді. Астана уақыты бойынша сағат 01.00-де басталатын "Е" тобындағы бұл ойынды "Қазақстан" ұлттық арнасы мен KazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Ал Гондурас пен Эквадор арасындағы бүгінгі соңғы ойын таңғы 04.00-де басталады. Куритиба қаласындағы "Арена Байшада" стадионында өтетін бұл кездесуді "Еуразия бірінші арнасы" тікелей көрсетеді.  

Әлем біріншілігі кездесулерінің толық кестесі мен турнирлік кестесін қарауды ұмытпаңыздар.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети