1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

"Жалақы үшін емес, ар-ұяты үшін жұмыс істеуге келді" - Журналист Головкиннің жаңа бапкері жайлы

© twitter.com © twitter.com

ESPN-де жұмыс істейтін америкалық журналист Стив Ким орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің жаттығу лагері жайлы мәлімет айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Головкин бұл лагерьде 2010 жылдан бері жұмыс істеген Абель Санчеспен емес, жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен дайындалып жатыр. 

Головкин 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллсқа қарсы жекпе-жекке Бэнкспен жаттығады. Кездесу 164 фунт аралық салмақта өтеді. Бұл Головкиннің DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алғашқы жекпе-жегі болмақ. 

"Соңғы уақытта Бэнкспен көп тілдестім. Өте қызық әрі ақылды жігіт. Головкинмен жалақы үшін емес, өз ар-ұяты үшін жұмыс істеуге келген.

Ол Головкинмен өткен алғашқы спарринг-сессияда арасы 30 секундтық үзілісі бар алты төртминуттық раунд өткізуді қалағанын айтты. Ал Бэнкс нағыз жекпе-жектегіндей бір минут демалып, үш минуттық он рауд өткізуді талап етті. Головкин оны орындады. 

Бэнкс раундқа қосымша минуттар қосылған жекпе-жекке сенбейді, себебі ондайда спортшы жасанды әрекет етеді деп санайды", - деп жазды Ким Twitter желісіндегі парақшасында.