24 қазан 2016 09:19

Жанкүйер Олимпиада чемпионын суретіне қарап өлімнен арашалап алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2012 және 2016 жылғы суреттерден меңнің айтарлықтай үлкейгенін көруге болады. © Instagram 2012 және 2016 жылғы суреттерден меңнің айтарлықтай үлкейгенін көруге болады. © Instagram

Белгісіз жанкүйер Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпазы, 20 жастағы аустралиялық жүзуші Мак Хортонды өлімнен арашалап алды. Суреттердің бірінен тиянақты көрермен спортшының кеудесінен күмәнді меңге назар аударған. Ол Аустралия құрамасының бапкеріне Хортонның меңі меланома (ерте кезеңінде табылмаған жара өлімге әкеп соғуы мүмкін - Авт.) болуы мүмкін екенін хабарлаған. Сөйтсек, бұл мең шын мәнінде қатерлі ісік болып шыққан.

"Мен дәрігерге меңімді тексертуге кеңес берген адамға шексіз алғыс айтамын. Бұл өз уақытында берілген белгі болды", - деп жазды Олимпиада чемпионы Instagram желісінде 21 қазанда. Ал оған дейін Хортон Мельбурнде жараны жою бойынша операция жасатыпты. 

© instagram.com/mackhorton

Рио Олимпиадасында Хортон 400 метрге еркін әдіспен жүзуден алтын медаль алған болатын. Бұл оның тұңғыш медалі.

© Instagram/Getty Images/AFP

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети