Жаңөзендік боксшыға әлем біріншілігіндегі сенсациядан кейін көлік кілтін табыстады

09 Қазан 2019, 14:05
0
Жаңөзендік боксшыға әлем біріншілігіндегі сенсациядан кейін көлік кілтін табыстады -

Жаңаөзен қаласы әкімдігі мен "Өзенмұнайгаз" АҚ бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке Toyota Camry 70 маркалы автокөлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.

Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров чемпионды құттықтап, ата-анасына алғысын білдірді. Өз сөзінде қала әкімі спортшының бапкерлерін атап өтіп, олардың Бекзат Нұрдәулетовтің әлем біріншілігінде жеңіске жетуінің басты себепкерлері екенін айтты. Сондай-ақ мерекелік шараға қатысқан қалалық мәслихат хатшысы Сақи Мыңбай мен "Өзенмұнайгаз" АҚ транспорт жөніндегі басқарушы директор Айтқали Бәшенов құттықтау сөзін сөйлеп, спортшыға алдағы уақытта өтетін спорт бәсекелерінде сәттілік тіледі.

Осыған дейін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Бекзат Нұрдәулетовке Ақтаудан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған болатын. Бұдан бөлек Серікбай Трұмов Бекзат Нұрдәулетовтің жас кезіндегі бапкері Батырбек Жайлыбаевқа 3 миллион теңге және Марат Жәкиевке 5 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

Әлем біріншілігінде 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бекзат Нұрдәулетов финалда өзбек боксшысы Дилшодбек Рузметовті жеңіп, топ жарған еді. Әлем чемпионатын алғашқы айналымнан бастаған боксшымыз барлық қарсыласын айқын ұтып шықты. Финалдың жолдамасы үшін өткен жеке-жекте Олимпиада чемпионы, әлем чемпонатының төрт дүркін чемпионы Хулио Сесар Ла Крустан басым түсті. Тіпті қарсыласын бір рет нокдаунға да түсірді.

Бекзат Нұрдәулетов 1998 жылы Ақтау қаласында өмірге келген. 2016 жылы Ресейде өткен жастар арасындағы әлем чемпонатының қола жүлдегері. Шілде айында өткен Қазақстан Президентінің Кубогында финалда Ерік Әлжановқа есе жіберіп, күміс жүлде алған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай