02 желтоқсан 2016 11:37

Жансая Әбдімәлік Польшада өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жансая Әбдімәлік Жансая Әбдімәлік

Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік гроссмейстер Кристина Радзиковскаяны еске алуға арналған халықаралық әйелдер арасындағы турнирде бірінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік гроссмейстер Кристина Радзиковскаяны еске алуға арналған халықаралық әйелдер арасындағы турнирде бірінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гроссмейстерлер арасындағы турнир 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Польшаның Ворцлав қаласында өтті. Турнирге Польшаның әйелдер құрамасы толықтай, Бакудедегі шахмат Олимпиадасының күміс жүлдегерлері және Еуропа шахматшылары қатысты.

Төрт рет теңбе-тең ойнап және бес рет жеңіске жетікен қазақстандық шахматшы қыз тоғыз турнирдің қорытындысы бойынша 7.0 ұпай жинап, бірінші орын алды.

Шілде айында Жансая Әбдімәлік Польша астанасында өткен "Мигель Найдорф мемориалы" турнирінде жеңіске жеткен. Ол кезде турнирге 130 шахматшы, оның ішінде 14 әйел адам қатысқан. "Оpen-турнирлер әйелдер мен ерлерге бір-бірімен ойнап, жеке есебіне ұпай жинауға мүмкіндік береді. Тоғыз партия ойналып, оның қорытындысы бойынша жалпы турнирдің жеңімпазы мен әйелдер арасындағы үздік шахматшы анықталады. Жансая тоғыз партия ойнады, оның ішінде сегізін ер адамдармен ойнады", - деді шахматшы қыздың әкесі Данияр Әшіров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети